Саясат • Бүгін, 06:30

Инновациялық саясаттың жаңа басымдықтары айқындалды

1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төраға­лығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңес­тің (Инновациялық штаб) алғашқы отырысы өт­ті. Жиынға Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбек, облыс­тар мен қалалар әкімдері­нің орынбасарлары, мем­лекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес қауымдас­тық өкілдері қатысты.

Инновациялық саясаттың жаңа басымдықтары айқындалды

Инновациялық штаб Премьер-министрдің тапсырмасымен құрылды. Оның негізгі міндеті – инновациялық қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мен елдің технологиялық басым­дықтарын айқындау.

Отырыста елімізде инновация­ларды дамытудың тұжырым­дама­лық мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік қол­дау құ­ралдарын жетілдіру, өңір­лік ин­но­вациялық жүйелерді да­мыту, кадр­лық әлеуетті күшей­ту­ге бағытталған шаралар талқыланды.

Бұл жұмыс нәтижесінде инновациялық белсенділікті арттыруға, елдің Жаһандық инновациялар индексіндегі орнын нығайтуға, жаңа салаларды дамытуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретін басқарылатын инновациялық жүйе қалыптастыру көзделіп отыр.

Жаңа модельдің негізгі идеоло­гиялық өзегі – «Инно­вацияны ғылым арқылы дамыту» тәсілінен «Ғылымды инновация арқылы дамыту» қағидатына көшу. Оның мәні – дайын озық технологияларды игеріп, ел жағдайына бейімдеу әрі осы негізде отандық ғылымды дамыту. Яғни мемлекет үдерістің өзіне емес, нақты нәтижеге қаржы бағыттайды.

Жиын қорытындысын­да Инновацияларды дамыту тұжырымдамасының негізгі тәсілдері мақұлданып, мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, бизнес-сектор өкілдеріне құжат жобасына нақты ұсыныстар енгізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар барлық өңірде мүдделі тараптардың қатысуымен ғылыми-техноло­гиялық сессиялар өткізу кесте­сін бекіту тапсырылды. Бұл сессиялар бизнестің нақты технологиялық сұраныстарын айқындауға бағытталмақ.

Соңғы жаңалықтар

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20