Әлем • Бүгін, 20:21

New Glenn апаты АҚШ-тың Ай бағдарламасына әсер етуі мүмкін

1 мин
оқу үшін

Америкалық Blue Origin компаниясы АҚШ-тың Ай бағдарламасына қатысуды кемінде бір жылға кешіктіруі мүмкін. Бұл туралы Politico басылымы NASA-ның бұрынғы қызметкерінің есептеулеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz

New Glenn апаты АҚШ-тың Ай бағдарламасына әсер етуі мүмкін

29 мамыр күні миллиардер Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin компаниясының New Glenn зымыраны Флорида штатындағы ұшыру алаңында жарылған. Associated Press агенттігінің мәліметінше, жарылыс ғарыш айлағының инфрақұрылымына елеулі зиян келтірген. Қазіргі уақытта компания келтірілген шығын көлемін бағалап жатыр.

NASA Айды игеру жоспарын жариялады

NASA жоспарына сәйкес, 2027 жылы «Артемида III» миссиясы жүзеге асырылуы тиіс. Оның аясында 2028 жылға жоспарланған Айға қону миссиясының алдында Orion ғарыш кемесінің Blue Origin және Илон Масктың SpaceX компаниясы әзірлеп жатқан қону модульдерімен түйісу және жақындасу мүмкіндігі тексеріледі.

NASA-ның бұрынғы қызметкерінің айтуынша, ғарыш айлағының инфрақұрылымын қалпына келтіру, апаттың себептерін анықтау, New Glenn зымыранының ұшу сынақтарын қайта бастау және «Артемида III» бағдарламасына қажетті сынақтарды өткізу уақытты талап етеді.

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

Сондықтан Blue Origin компаниясының Ай бағдарламасына қатысуы кем дегенде бір жылға кешігуі мүмкін.

Алайда мақалада айтылғандай, егер SpaceX компаниясы қажетті дайындық жұмыстарын уақытында аяқтаса, «Артемида III» миссиясы 2027 жылы жоспарланған мерзімде жүзеге асуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар