Фото: istockphoto.com
Жобаға сәйкес, банктер клиенттердің операцияларын бақылау, зерделеу және талдау барысында тәуекелге негізделген тәсілді қолданатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін банк шоттарын ашу рәсімдерін оңтайландыру көзделіп отыр.
Құжатта аталған түзетулер қаржы ұйымдарына түсетін артық реттеушілік жүктемені азайту және қолданыстағы заңнамамен сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленгені көрсетілген.
Жоба қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіруге бағытталған.
Құжат авторларының пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер қаржы жүйесінің ашықтығын арттырып, оған деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.