Экономика • Бүгін, 12:05

Қашағандағы жоспарлы жөндеу неге кейінге қалдырылды?

1 мин
оқу үшін

«Қашаған» кен орнын игеріп жатқан NCOC консорциумы маусым айына жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қашағандағы жоспарлы жөндеу неге кейінге қалдырылды?

Басылым мәліметінше, теңіздегі және құрлықтағы өндірістік нысандарда 1 маусымнан басталуы тиіс болған 35 күндік жоспарлы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілген.

Осының арқасында Қашағандағы мұнай өндіру көлемі маусым мен шілденің басында тәулігіне шамамен 400 мың баррель деңгейінде сақталады.

Мұндай шешім қабылдауға Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемінің уақытша төмендеуі себеп болғаны айтылуда. Сарапшылардың пікірінше, еліміздегі екі ірі мұнай жобасының бір мезгілде тоқтауы Қазақстан мұнайының экспорт көлеміне елеулі әсер етуі мүмкін еді.

Сонымен қатар, NCOC жөндеу жұмыстарына дайындықты бастап кеткен мердігер компаниялардың шығындарын да бағалап жатыр.

Еске салайық, Энергетика министрі жыл соңына дейін Қашағандағы жаңа зауыттың құрылысы аяқталатынын айтқан болатын.

Бұған дейін мұнай алпауыттары Қашағандағы экологиялық талаптарды бұзып келгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар