Фото: ua.tribuna.com
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясының (IBF) бұрынғы чемпионы Джервонта Дэвиске АҚШ-тың Мэриленд штатында іздеуге жарияланды. Спортшы Майамидегі бұрынғы қызымен болған тұрмыстық зорлық-зомбылық ісінен кейін шартты мерзім талаптарын бұзды деген күдікке байланысты, деп хабарлайды ESPN құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Балтимор қаласының сот базасына сәйкес, америкалыққа қатысты қамауға алу туралы ордер 24 сәуірден бері күшінде. Бұған дейін сот қорғаушы тараптың спортшы полицияға көмектесуге дайын екені туралы мәлімдемесінен соң ордерді қайтарып алған болатын. Алайда 22 мамырда адвокаттардың жаңа өтініші қабылданбады. Егер Дэвисті тұтқындаса, ол кепілге босатусыз қамауда болады деп отыр.
Даудың басы 27 қазанда даяшы қызға күш қолданғаннан басталады. Жәбірленушінің адвокаттары Дэвистен моральдық және физикалық зиян үшін қомақты өтемақы талап етті. 13 қаңтарда Майами полициясы боксшыны ұстауға ордер алғаны белгілі болды. 16 күннен кейін Дэвис тұтқындалды. Бірақ 16 мың доллар кепілақы төлеп бостандыққа шықты. Бұған дейін боксшы 2020 және 2022 жылдары да тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін екі рет қамауға алынған еді.
Жеңіліс көрмеген Дэвис 30 жекпе-жекте қатарынан жеңіске жетті, ал оның 2025 жылы Ламонт Роучқа қарсы соңғы айқасы тең аяқталды. Боксшылар реванш өткізуі керек еді, бірақ Дэвистің заң алдындағы мәселелеріне байланысты жекпе-жек тоқтатылды.