Саясат • Бүгін, 21:10

Ресей Президенті 2027 жылы ЖИ-ге арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды

1 мин
оқу үшін

РФ Президенті ЕЭФ-2026 форумында Ресейде жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту міндеттерін шешуге қажетті кадрлар мен ресурстар бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресей Президенті 2027 жылы ЖИ-ге арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды

Оның айтуынша, Ресей –  жасанды интеллект саласында тәуелсіз платформалар жасап жатқан санаулы елдердің бірі.

Владимир Путин Ресейдің ғылым Академиясы мұндай міндеттерді шешуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні дамыту орасан зор энергия мен қаржыны қажет етеді. Елде атом энергетикасы технологиялары жақсы дамыған және Ресей бұл салаға қаржылық ресурстарды шоғырландыра алады.

«Біздің достарымызбен және серіктестерімізбен бірлесіп жұмыс істеудің маңызы зор. Күш-жігерді біріктіру орасан нәтиже беріп, «ортақ тиімділікке» қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді Владимир Путин.

2026 жылғы ЕЭФ-тің басты тақырыбы – жасанды интеллект болып отыр.

Соңғы жаңалықтар