Фото: gov.kz
Қызмет ақысын өтінім беру кезінде бірден төлеуге болады, ал дайын құжат автоматты түрде жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде пайда болады.
Қалай рәсімдеуге болады:
- eGov.kz порталында «Жылжымайтын мүлік» бөліміне өтіп, қажетті қызметті таңдаңыз («Техникалық паспорт беру» немесе «Кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру»).
- Нысан түрін көрсетіп, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалын таңдаңыз және қажетті мәліметтерді толтырыңыз.
- Төлем жасап, сұранысқа ЭЦҚ немесе SMS арқылы қол қойыңыз.
Техникалық паспорт алуға өтінімді eGov mobile қосымшасы арқылы да беруге болады.