Үкімет • Бүгін, 19:26

Нұрлыбек Нәлібаев ExxonMobil компаниясымен стратегиялық мұнай газ жобаларын дамытуды талқылады

1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «ExxonMobil» компаниясының халықаралық үкіметтік қатынастар жөніндегі аға директоры Юрия Киммен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлыбек Нәлібаев ExxonMobil компаниясымен стратегиялық мұнай газ жобаларын дамытуды талқылады

Фото: Үкімет

Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың ағымдағы мәселелері және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары қаралды.

«Жұмыстың қарқыны сын көтермейді»: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы-1 вокзалының реконструкциясын сынға алды

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде көмірсутектерді өндіру, экспорттық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға және ынтымақтастықтың белгіленген бағыттарын пысықтауға дайындық расталды.

Бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-1» вокзалының былтыр наурыз айында басталған қайта жаңғырту барысын тексерді.

 

Соңғы жаңалықтар