Фото: istockphoto.com
Жаңа ережелерге сәйкес, АҚШ-тың грин-картасын алуға өтініш білдірген азаматтар өтініш қаралу кезеңінде ел аумағынан шығуы тиіс.
«Шетел азаматтары өтінішті өз елінен тапсырған кезде, бұл грин-карта беруден бас тартылғаннан кейін АҚШ-та заңсыз қалып қоятын адамдарды іздеу мен депортациялау қажеттілігін азайтады», деді USCIS өкілі Зак Калер.
Иммиграциялық қызметтің мәлімдеуінше, миграциялық емес санаттағы азаматтар — студенттер, уақытша жұмысшылар мен туристер — сапар мақсаты аяқталғаннан кейін АҚШ аумағынан кетуге міндетті.
Грин-карта алу тәртібіне енгізілген жаңа ереже Дональд Трамп әкімшілігінің иммиграциялық саясатты күшейту бағытындағы қадамдарының бірі болып саналады.
Айта кетейік, АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм елдегі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты диверсификациялық визалық лотерея (DV1) бағдарламасын дереу тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл қадамға Брауновск университетінде болған қайғылы оқиға себеп болған.