Фото: Қазақ спорт және туризм академиясы
Қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алып жүрген Дастан Сәтпаев жас болса да, өзінің еңбекқорлығы мен талантының арқасында көпшіліктің назарын аударып үлгерді. Оның футболға деген ерекше ынтасы мен табандылығы халықаралық деңгейде бағаланып, Англияның әйгілі Chelsea F.C. клубының назарын өзіне аударды. Жас спортшының шетелдік клуб тарапынан шақырту алуы — қазақ футболы үшін тарихи әрі қуанышты жаңалық.
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Академия президенті Қайрат Закирьянов футболшыға грант табыстай отырып, білім мен спортты қатар алып жүрудің маңызын ерекше атап өтті. Академия тарапынан көрсетілген бұл қолдау — жас спортшының болашағына жасалған инвестиция ғана емес, дарынды жастарға берілген үлкен мүмкіндік.
Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталған болатын.