Әлем • Бүгін, 17:42

Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

1 мин
оқу үшін

Қытай бірнеше провинциядағы су тасқынына байланысты төртінші деңгейлі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қытайда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Фото: Report

Қытайдың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы мемлекеттік штабы Хубэй провинциясы мен Чунцин аймағында су тасқынымен күреске байланысты төтенше жағдайдың төртінші деңгейін енгізді.

Су тасқынының алдын алу жұмыстарына көмек көрсету үшін Хубэй провинциясына арнайы жұмыс тобы жіберілді.

Сонымен қатар штаб 23–27 мамыр аралығында негізгі аймақтарда күтілетін нөсер жауындардың жаңа толқынына байланысты су тасқынына қарсы шараларды қабылдау мақсатында тиісті министрліктер мен ведомстволармен кеңес өткізді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайдың орталық бөлігіндегі нөсер жауын салдарынан 7 адам қаза тапты. Тағы 14 адам із-түзсіз жоғалды. 

Айта кетейік, Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар