Фото: Ibra_official
«Жекпе-жек 1 тамызда Ирландияның Дублин қаласында өтеді. Бокстың ұлы атағын қайта бір асқақтатамыз», - деп Ибрагимович өзінің Х әлеуметтік желісінде қарсыласымен түскен суреттерін жариялады.
Златан Ибаргимович постына түрлі пікір білдіріп жатқандар көп: «Златан бокспен айналасатын болса, әлемнің барлық боксшылары зейнетке шығатын болар», «Златан жекпе-жек нәтижесін біліп тұрғандай», «Бұл – хайп. Олар шықпады», «Тайсон Златаннан алғашқы соққысын алғандай жымиып тұр» деген сияқты пікірлер қарша бораған.
Тайсонның жасы 37-де. Британиялықтың кәсіпқой мансабында 35 жеңіс бар. Оның 24-і нокаутпен аяқталған. Екі рет жеңіліп, тағы бір жекпе-жегі тең аяқталды.
Ал 44 жастағы Ибрагимович футболдағы мансабын 2023 жылдың жазында аяқтады. Швед ойыншысы «Мальмё», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед» және «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтарында өнер көрсетті. Оның соңғы командасы «россонери» болды. Бұған дейін УЕФА тарапынан швед жігітіне көрнекті футболшы болғаны үшін арнайы марапат берілген болатын.