Фото: Ашық дереккөз
Аталған бөлік 1889 жылы мұнара алғаш ашылған кезде екінші мен үшінші қабатты жалғаған. Кейін 1980-жылдары лифттер орнату барысында ол бөлшектеліп, 24 фрагментке бөлінген. Тарихи жәдігерге баланған баспалдақ 40 жыл бойы жеке коллекцияда сақталған.
Аукцион үйінің мәліметінше, бұл фрагменттің тарихи құндылығы жоғары болғандықтан, бастапқы бағасы 120 000-150 000 еуро аралығында белгіленген. Соған қарамастан, ол жоғары бағаға сатылған. Алайда бұған дейін 2016 жылы осындай басқа фрагмент 523 800 еуроға сатылып, рекорд орнатқан.
Бүгінде Эйфель мұнарасының бөліктері әлемнің түрлі елдерінде сақталып, Жапония мен АҚШ-та, Диснейленд аумағында орнатылған.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының медальдары Эйфель мұнарасының түпнұсқа сынықтары балқымасынан жасалған.