Қазақстан • Бүгін, 12:52

Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды

1 мин
оқу үшін

Бас прокурор Берік Асылов халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Гонконг қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды

Қауіпсіздік жөніндегі хатшы өңірдегі полиция, көші-қон, кеден, қылмыстық-атқару, өртке қарсы және авиациялық-құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.

Кездесу кезінде тараптар трансұлттық қылмысқа қарсы күрес, іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Келіссөздер нәтижесінде қылмыскерлерді ұстап беру туралы, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы, сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар тараптар жедел және криминалистикалық ақпарат алмасуға, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы қылмыстарды тергеу тәжірибесін жетілдіруге уағдаласты.

Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге келді

Бас прокуратура мәліметінше, Гонконг әлемдегі ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Бұған дейін Қазақстан Макао және Сингапур мемлекеттерімен де қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық келісімдерге қол қойған болатын.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Шығыс Азиядағы негізгі офшорлық аймақтармен құқықтық көмек көрсетуге қатысты халықаралық құқықтық базаны қалыптастыру жұмысын аяқтағанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар