Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
Ведомство мәліметінше, байланыс OneWeb және Starlink сияқты негеостационарлық спутниктік жүйелер арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұдан бөлек, ел аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында байланыс сапасын жақсарту үшін антенна-діңгек құрылғылар орнатылады. 2027 жылы облыстық жолдар бойында қосымша 243 мұнара салу жоспарланған.
Жасанды интеллект және цифрлық даму минстрлігі мен Туризм және спорт министрлігі 50 туристік нысанда 4G мобильді интернетін енгізуді қолға алмақ. Бұл жұмыс 2027-2028 жылдары жүзеге асады.
Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады
Сондай-ақ министр жауабында телекоммуникация инфрақұрылымының интерактивті цифрлық картасы әзірленіп жатқандығы айтылған.
«Бұл карта Қазақстанның барлық аумағында ұялы байланыстың (2G, 3G, 4G, 5G) қамтылуын және сапа деңгейін, сонымен қатар талшықты-оптикалық байланыс желілерінің бар-жоғын көрсетеді. Карта нақты уақыт режимінде елді мекендердің, автомобиль жолдарының, туристік нысандардың және басқа да аумақтардың байланыспен қамтамасыз етілу деңгейін анықтауға, сондай-ақ төмен сапалы немесе байланыс жоқ аймақтарды белгілеуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, аталған бағыттар бойынша жұмыс жалғасуда және Үкімет бақылауында тұр», делінген жауапта.
КТЖ мәліметінше, 2026 жылдың жазғы маусымында Қазақстан темір жолы шамамен 4,2 миллион жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты Балқаш және Алакөл бағытына қосымша пойыздар қатынамақ.