Қоғам • Бүгін, 11:25

Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?

2 мин
оқу үшін

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар өз мәртебесін енді онлайн оңай тексере алады. Бұл туралы «Отбасы банк» арнайы нұсқаулық жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?

Фото: krisha.kz

Тұрғын үй кезегін тексеру үшін азаматтар «Отбасы банк» ресми сайтына кіруі қажет. Қолайлы болу үшін компьютер немесе ноутбук қолданған жөн, себебі мамандар мобильді құрылғыда кейбір мәліметтер толық ашылмауы мүмкін екендігін ескертеді.

Пайдаланушы «Қолжетімді баспана» бөлімінен «Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімін» таңдап, Excel форматындағы файлды жүктей алады.

Сонымен қатар, азаматтар өз санатын (көпбалалы отбасы, мемлекеттік қызметкер, жетім балалар және т.б.) таңдау арқылы нақты кезегін көре алады. Сондай-ақ жүйеде ЖСН енгізу арқылы тек мәртебені ғана білуге болады.

Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды

Тұрғын үй кезегін растау үшін азаматтар «Orken Otbasy Bank» платформасы арқылы инвентаризациядан өтуге тиіс. Бұл рәсім әр отбасы мүшесінің жеке растауын талап етеді және кезекте тұру құқығын сақтауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, тұрғын үй кезегінің мәртебесін міндетті түрде тексеріп отыру қажет. Егер статус «Тоқтатылған» деп көрсетілсе, бұл кезектің уақытша тоқтатылғанын білдіреді. Ал «Актуалды» мәртебесі кезектің белсенді екенін көрсетеді.

Елімізде баспана кезегіне 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары немесе қандастар өтініш бере алады. Негізгі шарт – соңғы 5 жылда меншігінде тұрғын үйдің болмауы және тұрақты тіркеудің болуы. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркеу мерзімі кемінде 3 жыл болуы қажет.

Айта кетейік, 2026 жылы ел тұрғындары зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға көптеп пайдалана бастаған. Үш ай ішінде осы мақсатта БЖЗҚ-дан шамамен 135 млрд теңге шешіп алынған.

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бақытты ел

Әлем • Бүгін, 10:43