Кәсіпкер • Бүгін, 11:03

Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады

1 мин
оқу үшін

Ел азаматтары енді жеке кәсіпкерлік атауын мемлекеттік органдарға бармай-ақ онлайн өзгерте алады. Жаңа қызмет толық цифрландырылып, бірнеше минут ішінде рәсімделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады

Uchet.kz мәліметінше, кәсіпкерлер тіркеу деректерін eLicense.kz порталы немесе кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жаңарта алады.

Қызметті пайдалану үшін кәсіпкер порталға электронды цифрлық қолтаңба немесе SMS-пароль арқылы кіруі қажет. Одан кейін жеке кәсіпкерліктің тіркеу деректерін өзгерту қызметін таңдап, жаңа атауды енгізеді. Өтініш электронды қолтаңбамен расталып, автоматты түрде мемлекеттік кірістер органдарына жолданады.

Кәсіпкерлер салық режімін таңдады

Жүйе өтінішті тексерген соң, жаңартылған мәліметтер мемлекеттік деректер базасында автоматты түрде өзгертіледі.

Тіркеу деректерін жаңарту тәртібі Қазақстанның Салық кодексінің 80-бабына сәйкес жүргізіледі. Заң бойынша кәсіпкерлер тіркеу деректері өзгерген жағдайда бұл туралы 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға тиіс.

Алаяқтық тыйылмай тұр: Жеке кәсіпкер жазықсыз жаза арқалады

 

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бақытты ел

Әлем • Бүгін, 10:43