Михаил Габышев Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 12 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Оның ең есте қалған сәттерінің бірі – Ұлттар лигасында Беларусь қақпасына соққан голы. Сол кездесуде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Футболшы мансабында «Шахтер», «Атырау», «Астана», «Каспий» және «Елімай» командаларында ойнады.
Ұлттық құрама қақпашысы шетел чемпионатындағы үшінші трофейін жеңіп алды
Қазақстан футбол федерациясы спортшының ел футболына қосқан үлесі мен ұлттық құрамадағы еңбегі үшін алғыс білдіретіндігін жеткізген.