Әлем • 15 Мамыр, 2026

Төреші шешіміне ашуланған футбол жанкүйерлері Ливия Үкімет үйін өртеп жіберді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Триполиде «Әл-Иттихад» футбол клубының жанкүйерлері Ливия Үкіметі ғимаратының қасбетін және оның алдындағы аумақты өртеп жіберді. Бұл оқиға «Суэхли» клубына қарсы матчтағы даулы эпизодтан басталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төреші шешіміне ашуланған футбол жанкүйерлері Ливия Үкімет үйін өртеп жіберді

Ойын Триполиден оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан Тархуна қаласындағы стадионда өтті. 87-минутта «Әл-Иттихад» футболшылары төреші «Суэхли» қақпасына пенальти белгілемегеннен кейін наразылық білдіре бастады. Осыдан кейін ойын тоқтатылды.

Стадионда болған «Әл-Иттихад» жанкүйерлері алаңға жүгіріп шықты. Тәртіпсіздіктер басталды: мүліктер қиратылып, күзетшілер жарақат алды.

Триполиде «Әл-Иттихад» клубының базасында матчты тамашалаған жанкүйерлер Үкімет ғимаратына барып, сол жерде отшашулармен наразылық акциясын ұйымдастырған. Нәтижесінде ғимараттың алдындағы қасбет пен әкімшілік нысанның аумағы өртенді.

«Аспанға қою түтін көтеріліп, аудандағы көліктер қауіптен сескеніп, тезірек кетуге асықты. Жанкүйерлердің қатты ашуланды», деді куәгерлердің бірі.

Libya al-Ahrar TV желісіндегі және эфирдегі бейнеде ғимараттың әйнек қасбеті жанып тұрғанын және оның үстінде қара түтін көтерілгенін көруге болады. Түн ортасына қарай жағдай бақылауға алынып, өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтады.

«Әл-Иттихад» клубы матчтағы барлық төрешілік шешімдерді толығымен қайта қарауды талап етті. «Суэхли» қысқа мәлімдемесінде команда Мисратаға жеңіспен оралатынын жазды.

Триполиді бомбалау тоқтар емес

Естеріңізге салайық, Ливияның ұлттық бірлік үкіметін Премьер-министр Абдулхамид Дбейба басқарады. Ол билікке 2021 жылы БҰҰ делдалдығымен келген еді. Ливия 2011 жылы елде Муаммар Каддафи билігі құлатылғаннан бері саяси тұрақсыздық қыспағынан шыға алмай келеді

Соңғы жаңалықтар