Әлем • Бүгін, 10:56

«Евровидение» байқауында Болгариялық әнші жеңіске жетті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венада өткен 70-ші «Евровидение» байқауында тарихта алғаш рет Болгария өкілі Дарина Bangaranga әнімен жеңіске жетті. Egemen.kz.

«Евровидение» байқауында Болгариялық әнші жеңіске жетті

Фото: Ашық дереккөз

Болгария үш жылдық үзілістен кейін «Евровидение» байқауына салтанатты түрде оралды. Жеңімпаз ән 516 ұпай жинады: 204 – қазылар алқасы дауыс берсе, 312 – көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. Ұйымдастырушылар қазылар алқасы мен көрермендер бір ауыздан жеңімпазды таңдаған жағдай 10 жылден бері бірінші рет болғанын атап өтті.

Bangaranga әнін Энн Джудит Стокке Вик, Дарина Йотова (DARA), Димитрис Контопулос және Monoir жазған.

Bangaranga өзінен кейін екінші орын алған әнді 173 ұпайға артқа тастап, таза жеңіске жетті. Бұл 2009 жылы Мәскеудегі «Евровидение» байқауында  Александр Рыбактың Fairytale әнінде болған 169 ұпайлық рекордты жаңартып отыр.   

Екінші орынды Израильдық Ноам Беттанның орындауындағы Michelle әні иеленсе, үшінші орын Румыниядан барған  Александра Капитанеску мен Сhoke Мe-ге бұйырды.

Австралия мен Италия әншілері төртінші және бесінші орындарды иеленіп, үздік бестікті түйіндеді.

Бұған дейін қазақстандық талантты әнші Нұржас Садырбаевтың «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар