Қалалық білім басқармасының мәліметінше, жалған ақпарат таратқан кәмелетке толмаған жеткіншектер болып шықты. Олардың жеке басы анықталып, әлеуметтік парақшалары бұғатталды. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Қазіргі уақытта мектептің барлық оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге қол көтерген видеосы тараған еді.