Әлем • Бүгін, 17:02

АҚШ-та дүлей дауыл 60 миллион адамға қауіп төндіріп тұр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың орталық бөлігінде дүлей дауыл мен жойқын торнадо 60 миллион адамға қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та дүлей дауыл 60 миллион адамға қауіп төндіріп тұр

Фото: Ашық дереккөз

Fox Weather порталының мәліметі бойынша, қолайсыз күн райы бірнеше штат аумағын қамтиды. Әсіресе Миннесота штаты мен Техастың оңтүстік аудандарына ауыр тимек. Бұл аймақтарда қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды.

Еске сала кетейік, Үндістанның Уттар-Прадеш штатында болған қатты дауыл мен нөсер жаңбыр 89 адамның өмірін жалмады.

Соңғы жаңалықтар