Препаратты қазақстандық ғалымдар заманауи рекомбинантты аллерген негізінде әзірлеген. Ол GMP халықаралық стандарттары бойынша отандық OtarBioPharm кәсіпорнында шығарылады. Жаңа дәрінің басты артықшылықтарының бірі – емдеу курсының қысқа болуында. Егер дәстүрлі аллерген-спецификалық емдеуге ұзақ уақыт кететін болса, жаңа препарат бір аптаның ішінде тері астына төрт инъекция жасаумен ғана аяқталады.
Бұған дейін еріктілердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңі өтті. Зерттеушілердің айтуынша, жаңа дәрінің айтарлықтай жанама әсерлері болмаған және нәтижелері бойынша аллергенге сезімталдық көрсеткіші төмендегенін.
Еске сала кетейік, Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды.