Фото: Ашық дереккөз
Оқиға компьютер клубының маңында болған. Шамамен онға жуық адамның қатысуымен басталған жанжал кейін төбелеске ұласып, соңы пышақ қолдануға дейін жеткен. Нәтижесінде екі жасөспірім ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Полиция күдіктілерді дереу ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғадан кейін барлығы 12 адам ұсталғаны белгілі болды.
Марқұмдардың бірінің туыстары бұған дейін жасөспірімге ақша бопсалау фактілері болғанын айтқан.
«Оқиға бойынша бұзақылық және қасақана кісі өлтіру баптарымен үш қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер сот шешімімен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайға құқықтық баға беріледі», деді Санжар Әділов.
Қазіргі уақытта жанжалдың нақты себебі мен басталу жағдайлары анықталып жатыр.
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті