Фото: gov.kz
Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс барысында құрылыстың рұқсатсыз салынғаны анықталған. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан басқарма Алматының Алатау аудандық сотына талап-арыз түсірген. 2025 жылдың 29 мамырында аудандық сот талап-арызды қанағаттандырған. Ал Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды бірер күн бұрын бұзған.