Елорда • Бүгін, 16:59

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

Фото: Астана әкімдігі

Жәрмеңкеде түрлі өңірлерден келген фермерлердің және өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Жалпылай айтқанда, көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдері, оған қоса кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар және басқа да тауарлар саудаланады.

Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?

Іс-шара 25-26 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

«Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды», делінген хабарламада.

Азық-түлікке қанша жұмсайсыз?

Соңғы жаңалықтар