Фото: ашық дереккөз
«Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Елдің басым бөлігінде найзағай соғып, жаңбыр жауады, кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі», делінген хабарламада.
Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +7…+18°С-қа дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20°С болады.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Солтүстікте +18…+27°С-қа дейін, орталықта +22…+30°С-қа дейін, шығыста +20…+28°С-қа дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С,
оңтүстікте +27…+32°С-қа дейін, таулы аймақтарда +22°С шамасында, оңтүстік-шығыста +20…+30°С-қа дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С болады.