Парламент • Бүгін, 12:35

Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасында ауылдық округтердің бюджетін мүлік салығы мен лицензиялық алымдар есебінен кеңейту ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды

Заң жобасындағы жаңалықтардың ішінде кірістердің бір бөлігін ауылдық округтер деңгейіне беру бар. Бұған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы, сондай-ақ тіркелген жері бойынша құжат тапсырғанға немесе рұқсат алғанға дейін төленетін лицензиялық алымдар жатады.

Бұдан бөлек, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту, соның ішінде аумақтық өзін-өзі басқаруды дамыту шаралары ұсынылады.

Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жобалардың жүзеге асуын талқылады

Жаңа құжатта мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылған: депутаттардың өкілеттіктері, жауапкершілік шаралары мен әлеуметтік кепілдіктері нақтыланады. Атап айтқанда, мәслихат депутаттарының өз сайлау округтерінің тұрғындары алдында әр жарты жыл сайын міндетті түрде есеп беруін енгізу ұсынылады. Мәслихат отырыстары онлайн режимде көрсетіліп, депутаттық сауалдар көпшілік алдында жарияланады.

Заң жобасында мәслихат аппаратының басшысын қызметке тағайындау және босату тәртібі анықталып, оның өкілеттіктері бекітіледі. Мәслихат төрағасын қайта сайлау мүмкіндігі екі мерзіммен шектеледі.

Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?

Сондай-ақ заң жобасы аясында ауыл әкімдерінің функционалдық міндеттері қайта қаралады.

Соңғы жаңалықтар