Әлем • Бүгін, 11:57

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Дана Қадырбек ауадан ауыз су алу технологиясын әзірлеп, құрғақ жағдайда да суды тиімді алуға мүмкіндік беретін жүйені таныстырды. Бұған дейін ол халықаралық байқауларда да өз қабілетін дәлелдеп, Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасында алтын медальға ие болған.

Арманын ғарышқа самғатқан жас өнертапқыш

Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапты. Өнертабысты пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Жас өнертапқыш Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталды. Оның жетістігі гимназия тарихына жазылып, жақын арада елдің шөлді аймақтарындағы сумен жабдықтау жүйесін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Соңғы жаңалықтар