Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көшелердің жабылуына қатысты нақты уақыт аралығы мен көшелер тізімі ресми дереккөздермен расталмаған.
Бұған дейін тек қаланың жекелеген учаскелерінде уақытша қозғалыс шектеулері болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алайда олар нақты күндер, уақыт және көшелер бойынша егжей-тегжейлі кестені қамтымайды.
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Осыған байланысты, таралған ақпарат ресми емес және шындыққа сәйкес келмейді. Мемлекетттік орган азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған хабарламаларды таратпауға шақырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада Өңірлік экологиялық саммиттің өтуіне байланысты бірқатар көшелер жабылатындығы айтылған болатын.