Фото: seismo.kg
Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Күнгей Алатау жотасында орналасқан. Нақтырақ айтқанда, дүмпу Григорьевка ауылынан 23 км солтүстікке қарай, Қожояр елді мекенінен 22 км солтүстік-батысқа қарай болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, Қырғызстан аумағындағы елді мекендерде жер сілкінісі сезілмеген.
Ал Қазақстан сейсмологтары бұл жағдайға қатысты ресми ақпарат жариялаған жоқ.