Фото: Pixabay.com
«Қазгидромет» ұсынған мәліметке сәйкес, елордада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +22...+24°C шамасында болады.
Алматыда ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.
Шымкентте жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.
Ақтауда және Ақтөбеде жауын-шашын болмайды, желдің 5-10 м/с және 2-7 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+10°C, күндіз +12...+14°C.
Атырауда да ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Жезқазған мен Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 5-12 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+10°C, күндіз +21...+25°C.
Көкшетауда жаңбыр жауып, жел күшейеді (5-10 м/с). Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.
Қонаевта ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +26...+28°C жылы.
Қостанай, Павлодар, Семей, Талдықорған және Өскемен қалаларында жауын-шашын күтілмейді, желдің екпіні 3-14 м/с аралығында.
Қызылорда, Тараз және Түркістанда жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Петропавлда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұл тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін.
Оралда түнде ауа температурасы 0...+2°C дейін төмендеп, топырақ бетінде -3°C-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Ауа температурасы күндіз +10...+12°C жылы.
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты сақтық шараларын күшейтуді ескертеді.