Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының жылынуына және электросамокат пайдаланушылар санының артуына байланысты Астана қаласында рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде 200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті

Фото: Ашық дереккөз

Полиция қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әсіресе, электросамокаттарды қауіпсіз пайдалану, қорғаныс құралдарын қолдану және жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылған. 

Рейдтер барысында 200-ге жуық самокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ережені бұза отырып орналастырылған 170-тен астам электросамокат коммуналдық тұрақтарға эвакуацияланған.

Елордада электросамокаттарды бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Полиция атап өткендей, самокаттарды ретсіз қою жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді. Бұл, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалар арбасымен жүрген ата-аналар үшін қиындық келтіреді.

Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді

Қалалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар