Ведомствоның мәліметінше, шешім жағдайға жан-жақты бағалау жүргізілгеннен кейін және барлық тиісті ұлттық органдармен келісім негізінде қабылданған. Бұл әуежай жұмысының толық дайын әрі тиімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ресми хабарламада барлық әуе рейстері мен операциялар халықаралық авиациялық стандарттарға сәйкес орындалатыны атап өтілді. Сондай-ақ жолаушылар мен ұшу қауіпсіздігі басты басымдық болып қала беретіні айтылған.
Айта кетейік, бұған дейін, 18 сәуірде Иранның Азаматтық авиация басқармасы елдің әуе кеңістігінің ішінара ашылғанын хабарлаған болатын.
Сарапшылардың пікірінше, өңірдегі әуе қозғалысының кезең-кезеңімен қалпына келуі халықаралық рейстердің тұрақтануына ықпал етуі мүмкін.