Фото: Үкімет, телеграм
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында көлік саласындағы инклюзивті саясатты жүзеге асыру барысын баяндап, негізгі бағыттарды атап өтті.
«Инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету үш негізгі бағыт бойынша жүруде, олар – инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету», деді Н. Сауранбаев.
Министрдің айтуынша, теміржол көлігінде құрамдардың шамамен 90%-ы көтергіштермен және арнайы купелермен жабдықталған. Ал 2030 жылға қарай әр құрамда кемінде бір мамандандырылған вагон қарастырылады.
Сондай-ақ вокзалдарды жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Реконструкция аясында пандустар, лифттер, көтергіш құрылғылар орнатылып, кассалар мен санитарлық тораптар қайта жабдықталады.
Авиация саласында да оң өзгерістер бар. Министрдің сөзінше, әуежайлардың қолжетімділік деңгейі артып, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсету талаптары қамтамасыз етілген.
Автомобиль көлігі бағытында инклюзивтілік кезең-кезеңімен күшейіп келеді. Бүгінде автовокзалдар мен автостанциялардың шамамен 80%-ы, ал қалалық автобустардың 79%-ы қолжетімділік талаптарына сәйкес.
Сонымен қатар инватакси қызметі де дамып жатыр. Автопарк 30%-ға ұлғайып, 1426 бірлікке жеткен.
Бекбаева: Учаскелерде ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалды