Тұлға • Бүгін, 17:57

Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімдері Алматы қаласында ұйымдастырылады. Қаралы жиын мен жерлеу рәсімдері 21 сәуір күні өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді

Ақынмен ресми қоштасу 21 сәуір күні сағат 09:00-де басталады. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері мен қоштасуға ниетті азаматтар қатыса алады.

Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры (Қабанбай батыр көшесі, 110).

Қоштасу рәсімінен кейін сағат 11:30-да жерлеу рәсімі өтеді. Мұхтар Шахановтың мәйіті Алматы қаласындағы «Кеңсай-2» зиратына қойылады.

Мұхтар Шаханов қазақ руханиятының ірі өкілі, Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашуға күш салған қоғам қайраткері, мемлекеттік тілдің жанашыры ретінде ел жадында сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, оны Арыстанбаб кесенесінде жерлеу туралы өтініш білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар