Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, елордада көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Осы мақсатта жол қозғалысын тиімді үйлестіру үшін Бірыңғай оператор – жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы құрылған. Ол интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) арқылы қозғалысты басқаруды қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда қаладағы 818 бағдаршамның 582-сі бейімделген, ал бұл жұмысты толық аяқтау биыл жоспарланып отыр.
Сонымен қатар жаңа бағдаршамдар орнатылып, бейнебақылау инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр. Presight AI Ltd компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Smart City жобасы аясында жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркейтін 1200 жүйе іске қосылған. Барлық камералар бірыңғай ахуал орталығына біріктіріледі.