Сурет ЖИ көмегімен жасалған
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары әзірлеген сорттар қатарында: «Дамсинский» атты қауызсыз сұлы, «Торғай» жаздық қатты бидайы, «Изумрудное» малазықтық тарысы және «Реноме» азықтық тарысы бар. Олар құрғақшылыққа төзімділігімен, жатып қалуға қарсы тұрақтылығымен және тұрақты өнімділігімен ерекшеленеді.
Алматыда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды
Мамандардың мәліметінше, жаңа сорттарды енгізу жағдайына қарай гектарынан 2-10 центнерге дейін қосымша өнім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зығыр дақылын өсірудің жаңа тәсілі патенттелді. Ол арамшөптермен күресті жеңілдетіп, өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға бағытталған.
Отандық ғалымдар дезинформацияға қарсы мобильді ресурс жасады
Жаңа дақылдар климаттық тәуекелдерді азайтып, ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтіледі.
Нұрболат АМАНБЕК