Ауа райы • Бүгін, 14:34

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 21 мен 23 сәуір аралығында Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: istockphoto.com

23 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Сондай-ақ, кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Синоптиктер күндізгі ауа температурасының төмендейтінін де ескертті:

  • Батыста – +7...+17 градус;
  • Солтүстікте – +13...+20 градус;
  • Орталықта – +15...+23 градус;
  • Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +15...+20 градус жылы болады.
Соңғы жаңалықтар