Қазақстан • Бүгін, 11:12

Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде ипотекалық нарықта жаңа өзгерістер енгізілді. Енді коммерциялық банктер де тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесіне қатысып, азаматтарға жаңа ипотекалық өнімдер ұсына алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды

Бұған дейін бұл жүйе тек «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылып келген. Жаңа заңнамаға сәйкес, екінші деңгейлі банктер салымшылардан қаражат тартып, жинақталған қаржы негізінде төмен пайызбен ипотекалық несие бере алады.

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді

Алайда коммерциялық банктердегі бұл жүйеде мемлекеттік сыйақы қарастырылмайды. Ал «Отбасы банк» салымшылары бұрынғыдай жыл сайын 20 пайыз көлемінде мемлекеттік сыйақы ала береді.

Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?

Реттеуші органның мәліметінше, бұл өзгерістер ипотекалық нарықтағы бәсекені күшейтіп, тұрғын үй алуға арналған жаңа мүмкіндіктерді кеңейтеді. Сонымен қатар алдағы уақытта банктер жаңа ипотекалық бағдарламалар енгізеді.

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар