Фото: ТЖМ
Шыңғыс Әрінов өртке қарсы инфрақұрылымды нығайту ведомствоның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша жаңа бөлімшелерді салу және қолданыстағы бөлімдерді жаңғырту заманауи сын-қатерлерге сай тиімді әрекет ету жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бөлімше заманауи стандарттарға сай және қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен жарақталған. Ғимаратта кәсіби даярлыққа арналған оқу сыныптары, демалуға қолайлы үй-жайлар мен тұрмыстық аймақтар қарастырылған. Жеке құрам денесін даярлықта ұстауы үшін құтқарушылардың дағдылары мен төзімділігін үнемі жетілдіруге мүмкіндік беретін заманауи «Batyr team» спорт залы жабдықталған.
Іс-шара аясында 22 өрт сөндіру бекеті құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру және құтқару техникасының кілттері табысталды. Бұл өрт сөндіру автоцистерналары мен жедел-құтқару автокөліктері. Құрылған жаңа бөлімше Солнечный кенті мен оған жақын орналасқан 11 ауылдық округтің, жалпы саны 9 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің өрт қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өрт сөндіру бекеті өңірдегі стратегиялық маңызды энергетикалық нысандардың бірі Екібастұз 2-мемлекеттік аудандық электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл нысан елдің энергиямен қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқарады. Іс-шара барысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құтқарушылар және азаматтар ТЖМ мен облыс әкімінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.