Фото: ШҚО Полиция департаменті
Полицияның мәліметінше, күдіктіні тінту барысында ұнтақ тәрізді заты бар 12 түйіншек және ұялы телефон тәркіленген. Пәтерді тінту кезінде қосымша тағы бес ұялы телефон табылған.
Зерттеу нәтижелері бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 20 грамнан асатын «а-PVP» психотроптық заты екені анықталды. Бұл қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес ірі мөлшерге жатады.
Күдікті 2026 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында Telegram мессенджері арқылы курьер-жасырушы болып жұмысқа орналасқан. Наурыз айының басында куратордың нұсқауымен ол Өскеменге келіп, баспана жалдап, тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.