Оқиға • Бүгін, 11:38

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында екі мотоциклдің қатысуымен болған апат екі адамның өмірін қиды. Тағы бір адам жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Қайғылы оқиға Қарағандыдан 300 шақырым жерде орналасқан Ағадыр кентінің орталығында болған. Мәліметтерге сүйенсек, екі мотоцикл де бір бағытта қозғалып келе жатқан. Бір сәтте әкесін мінгестіріп алған 17 жастағы бозбала басып озу мақсатында қарсы бетке шыққан. Алайда алдынан автокөлік көрінген соң, ол шұғыл өз жолағына қайта оралмақ болған. Сол мезетте екінші мотоциклмен соқтығысқан.

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Екінші мотоцикл тізгінінде 37 жастағы ер адам болған. Соққының қатты болғаны соншалық, екі жүргізуші де оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Айта кетерлігі, екі азамат та қорғаныс дулығасын (шлем) кимеген. Ал жасөспірімнің әкесін дәрігерлер қарап, үйіне қайтарған.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Жол апатынан кейін Алматыда көлік қозғалысына бақылау күшейтіліп, полиция басшылары қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар