Шолуға сәйкес, төлем жүйелері тұрақты түрде дамып келеді. Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен клиринг жүйесі арқылы жүргізілген операциялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда өсім көрсеткен.
2025 жылы Банкаралық төлем карталары жүйесі арқылы 1,04 миллиардтан астам транзакция өңделген. Сонымен қатар төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеу деңгейі 99 пайыздан жоғары болған.
Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады
Қазіргі таңда халық арасында төлем карталары, мобильді қосымшалар және QR-код арқылы төлем жасау кеңінен қолданылады. Нәтижесінде барлық транзакциялардың басым бөлігі онлайн және мобильді банкинг арқылы жүзеге асады.
Халықаралық ақша аударымдары жүйесі де сұранысқа ие болып отыр. Көптеген операциялар шетелмен жасалатын трансшекаралық аударымдарға тиесілі.
Сонымен қатар төлем ұйымдарының қызметі де кеңейіп, олардың айналымы жыл ішінде 16 пайыздан астам өскен.
Жалпы алғанда, 2025 жылғы деректер Қазақстандағы цифрлық төлем жүйелерінің жылдам дамып, қолма-қолсыз есеп айырысудың негізгі орынға шыққанын көрсетеді.