Мұндай көлік халықаралық қозғалыста деп есептелуі үшін:
– ол шетелде тұрақты тұратын адамға немесе ұйымға тиесілі болуы керек;
– Қазақстанда тіркелмеуі қажет;
– елге уақытша әкелінген болуы тиіс.
Ережеге сай, Қазақстан азаматтары шетелде тұруға рұқсаты (ВНЖ немесе тұрақты резиденциясы) болмаса, мұндай көліктерді басқаруға құқығы жоқ. Яғни қазақстандықтар қытай нөмірлі көлікті тек шетелде заңды түрде тұрып жатқан жағдайда ғана уақытша жүргізе алады.
Сонымен қатар, сақтандыруға қатысты да шектеу бар. Қазақстанда тіркелмеген көліктерге міндетті автосақтандыру рәсімделмейді. Ал сақтандырусыз көлік жүргізуге заңмен тыйым салынған.