Оның айтуынша, Ливанда атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енгеннен кейін барлық сауда кемелеріне бұғаздан өтуге рұқсат берілген. Кемелер енді Иранның теңіз ұйымы бекіткен маршрут бойынша еркін қозғала алады.
Ливан мен Израиль жақында 10 күндік атысты тоқтату жөнінде келісімге келген. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеген.
АҚШ пен Иран арасындағы соғыс салдары: Сауд Арабиясының мұнай экспорты 50%-ға төмендеді
Бұған дейін АҚШ тарапы Иранға қатысты шектеулер енгізіп, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге бақылау күшейтілетінін ескерткен еді. Тіпті кейбір мәлімдемелерде әскери флот кемелерді тоқтатуы мүмкін екені айтылған.
Жағдайдың өзгеруінен кейін АҚШ президенті Иранның шешімін құптап, әлеуметтік желіде алғыс білдіргені хабарланды.