68 кг салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Алидар Әбдукәрімов бастапқы бәсекелерде Дамар Уолкер (Ямайка), Ахмад Дахамшех (Иордания), Марк-Дэниэль Юманды (АҚШ) ұтқанымен, жартылай финалда өзбек Аюбхон Нәбиевке есе жіберді. Нәтижесінде қандасымыз қола медальді қанағат тұтты.
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Бұл – біздің команданың қоржынына түскен төртінші жүлде. Алидарға дейін Айым Серікбаева (44 кг) алтын алса, Ерасыл Ерзат (48 кг) пен Ислам Медетбай (55 кг) қолаға қол созды.