Фото: info.homsters.kz
Қазір бағдарламаға қатысушы банктердің басым бөлігі өтінімдерді қабылдаудың толық онлайн форматына көшті. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, баршаға бірдей тең қолжетімді болып, өтінімдерді қарау процесіне араласу мүмкіндігін жойды. Онлайн-кезек автоматты түрде қалыптасады. Қор өзін ипотекалық брокер, кеңесші немесе делдал ретінде таныстыратын «көмекшілер» тарапынан алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін жеткізді.
Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
«7-20-25» бағдарламасының танымалдылығын пайдалана отырып, олар сыйақыға кезекті «жеделдетуді», орын «брондауды», несиені «мақұлдатуға кепілдік беруді» немесе банктердің лимиттерін «алып беруді» ұсынады. Алайда, бұл жалған қызмет. Себебі Бағдарлама аясында банктердің өтінім қабылдау процесі толық автоматтандырылған және оған сырттан әсер ету мүмкін емес. Банктер де өз құзыреті шеңберінде мұндай құқықбұзушылықтармен күрес жүргізіп жатыр. Ешкімге ақша төлемей, өзіңіз ипотекаға өтінім бере аласыз. Бұл тез, тегін және делдалдарсыз жүзеге асады. Күмәнді делдалдармен байланысқа түспеуді және оларға ақша бермеуді өтінеміз», делінген қор таратқан хабарламада.
Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді
Сондай-ақ құрылыс компанияларының сату бөліміндегі менеджерлер сыйақы сұрап, пәтер таңдауға немесе ипотека рәсімдеуге көмек ұсынса, көп жағдайда компания басшылығы өз қызметкерлерінің мұндай алаяқтық әрекеттерінен хабарсыз болып келеді. Мұндай жағдайларда тікелей құрылыс компаниясының басшылығына шағымдануға болады.
«Егер сізге Қазақстанның орнықтылық қоры атынан мессенджерлерде, соның ішінде WhatsApp арқылы хабарлама келсе ондағы сілтемелерге өтпеңіз. Мұндай кезде хабарламаны жойып, жіберушіні бұғаттау ұсынылады. Алаяқтар зиянды сілтемелер немесе файлдар жіберуі мүмкін, бұл құрылғының бұзылуына және жеке деректердің таралуына әкелуі ықтимал. Қор қызметкерлері жеке тұлғалармен мессенджерлер арқылы байланыспайды», деп түсіндірді қордың баспасөз қызметі.
Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды