Оқиға • Бүгін, 17:38

«Аулада балалы әйел болған»: Алматыда белгісіз біреу балконнан ішінде темір заттар салынған бөтелке лақтырған

1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы «Ырысты» тұрғын үй кешенінің ауласында белгісіз біреу балконнан ішінде темір заттары бар бөтелкені төменге лақтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аулада балалы әйел болған»: Алматыда белгісіз біреу балконнан ішінде темір заттар салынған бөтелке лақтырған

Фото: Видеодан алынған кадр

Сол мезетте төменде кішкентай баласымен бірге әйел тұрған.

Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады

Тұрғындардың айтуынша, әйел учаскелік полиция инспекторына жүгінген, алайда кінәліні анықтау қиын болатынына алаңдаулы.

«Сондай-ақ пәтер иелерінің кооперативі оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектесуі мүмкін басқа бейнебақылау камераларындағы жазбаларды беруден бас тартып отырғаны айтылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар