Фото: qarmet.kz
«Бүгінде кәсіпорынның энергетикалық инфрақұрылымы ЖЭО-2-нің және бу-ауа стансасы бар ЖЭО-ның базасында қалыптасқан. Олардың жиынтық қуаты – шамамен 400 МВт. Сонымен қатар болат өндірісінің көлемін 5 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жоспарды ескерсек, электр энергиясына деген қажеттілік 630 МВт-қа дейін артады, бұл орта мерзімді перспективада ішкі генерациясының тапшылығын тудырады», деді Ербол Исмаилов.
Осыған байланысты ЖЭО-2 базасында жиынтық қуаты шамамен 300 МВт болатын екі энергия блогын салу жобасы жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өңір үшін қуат резервін құруға және Бірыңғай энергия жүйесіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қолданыстағы қуат көздерін де жаңғырту қолға алынған. ЖЭО-да жаңа қазандық салу, газ құбырларын ауыстыру және түтін құбырларын жөндеу бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр.